Президент терроризмге қарсы бөлімшелерді халықаралық жарыста жеңіске жетуімен құттықтады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

UAE SWAT Challenge-2026 турнирінде Қазақстан командалары бірінші және екінші орын алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақордаға сілтеме жасап.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Новости партнеров