Ол президент орталығында орналасқан учаскеге барды
Айбек Дәдебай Президент орталығындағы учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін, яғни 6 қазанда сағат 7:00-ден бастап республикадағы барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды.
Бүгін әр Қазақстан азаматы өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар. Ел аумағында 10 мың 327 учаске құрылған. Тізімдегі дауыс беруге құқылы тұрғындардың саны 12 миллионнан асады.
Шекара асып шетелге шығып кеткен 12 мыңнан астам отандасымыз да азаматтық борышын өтей алады. Оларға арнап 59 мемлекетте референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Ал Алматыда 600-ден астам сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Биыл жастардың қатысуын арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Елде тіркеуде жоқ азаматтар да референдумда дауыс бере алады. Алматыда 40 учаскеде біркүндік тіркеу пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар 172 дауыс беру орындарында өзін тізімнен таппаған азаматтарға тіркеу мәртебесін тексеру үшін арнайы қызметтер орнатылған.
Сондай-ақ АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне келді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президенті референдумда дауыс берді