Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды

Ақорда
Ақорда

Зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.

Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.

Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты

Новости партнеров