"Президенттің қолы қойылды": Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлық жасады

instagram.com/zhunusova.makpal
instagram.com/zhunusova.makpal

Өнер иесінің анасы Үміт жүрекжарды тілегін білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасына ерекше сый тарту етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші екі жыл бұрын “Құрмет” орденін алған еді. Сол марапатты анасына сыйлады. 

“Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыздың қолы қойылған “Құрмет” орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет! 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізді мақтан тұтамыз”, – деді әнші. 

Өнер иесінің анасы Үміт те жүрекжарды тілегін білдірді. 

“Мақпалды тапқаныма қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір”, – дейді анасы. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің анасын қызу талқылап жатыр. 

“Апамыз 88 жаста болса да әлі тың екен”, “Қандай керемет адам”, “Мақпалдың күлкісі анасына ұқсайды”, “Халық әртісі сияқты әзілге жақын екен”, “Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды деген сөз рас-ау”, – деп жазды көпшілік. 

Оқи отырыңыз: Елімізде көкпардан республикалық жарыс басталды

Новости партнеров