Прокуратура мигранттар схемасын әшкереледі

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасы шетелдік азаматтарды тұрмайтын жері бойынша жалған тіркеу («резеңке пәтерлер») деректерін анықтады. Тексеріс нәтижесінде заңсыз тіркеулер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

Анықталған деректер:

  • Қалғұты ауылы: Бір мекенжай бойынша Өзбекстанның 12 азаматы тіркелген. Іс жүзінде олар Алматы қаласында тұрып, еңбек еткені анықталды.

  • Сортөбе ауылы: Қырғызстанның 9 азаматы бойынша дәл осындай заңсыздық тіркелді. Олар да іс жүзінде басқа өңірлерде жүрген.

Прокуратураның мәлімдеуінше, мұндай схемалар көші-қон есебін бұрмалап қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндіреді.

Қылмыстық жауапкершілік және жаза: Бұдан бөлек, шетелдік еңбек күшін бірнеше рет заңсыз пайдаланған жұмыс берушілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту тәжірибесі енгізілді.

«Мәселен, дәмхана иесі бұған дейін екі рет әкімшілік жазаға тартылса да, 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың қаңтарында шетелдіктерді рұқсатсыз жұмысқа қайта қабылдаған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 395-бабы бойынша іс қозғалып, сот шешімімен 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады ведомство.

Оқи отырыңыз: Ұлытауда ірі ұрлық схемалары әшкереленді: жанармай мен асыл тастар қолды болған

Новости партнеров