Qarmet-тен 1,5 млрд теңге ұрланды

Ұрланған мүлікті кедергісіз алып шығу үшін қылмыстық іске күзет ұйымы да тартылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Qarmet компаниясынан жалпы құны 1,8 млрд теңгенің мүлкі ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу дерегінше, бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» домна шлагын қайта өңдеу бойынша жеке бір компаниямен келісімшарт жасаған. Алайда сол келісімшартқа отырған өңдеуші ұжымның басшысы өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз шығару схемасын ұйымдастырған. Ұрланған мүлікті кедергісіз алып шығу үшін қылмыстық іске күзет ұйымы да тартылған. Осы арқылы зауыттан шығатын автокөліктердің бақылаусыз өтуіне жағдай жасапты.

«Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Бағдаршам жоқ: Түркістан облысында 400-ден аса қауіпті учаске анықталды

Новости партнеров