Ауызашар уақытында алкоголь өнімдері сатылмайды
Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді. Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv. ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында — сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады. Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады.
Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.
Оқи отырыңыз: Рамазан: Жақсылық – адамдық өлшемі