Бюллетендерді санауға 12 сағат беріледі
Елдегі референдум учаскелері таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Саяси маңызды шешім қабылданар күні 12 миллион 200 мың адамның 63,87 пайызы дауыс берген. Өз таңдауын жасағандар арасында Қызылорда облысының тұрғындары белсенді болды. Одан кейін Түркістан облысы тұрса, Ақтөбе облысы үштікте. Бұл кешкі 20:00 дегі ақпарат.
"Астана қаласы бойынша 50,81 пайыз, Алматы қаласы бойынша 25,39 пайыз және Шымкент қаласы бойынша 70,57 пайыз дауыс берген. Референдумның алдын ала қорытындылары ертең брифингте хабарланатын болады", – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман
Орталық референдум комиссиясының отырысы бүгінге бітті. Комиссия мүшелері қазақстандықтардың тағдыршешті науқанға қатысу көрсеткішін екі сағат сайын жариялап отырды. Мұнда барлығы 9 брифинг ұйымдастырылған.
Айта кетейік, бүгін отандастар "Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетендерді санауға 12 сағат беріледі. Ертең арнайы брифинг ұйымдастырылып, референдумның алдын ала нәтижелері жарияланады.
Оқи отырыңыз: Референдум: шетелдегі 13 дауыс беру учаскесі жұмысын аяқтады