Референдум – әр азаматтың елдің даму сатысына қарай жасайтын таңдауы - сарапшы

Алматыда Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ядролық физика мамандары кездесу өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ядролық физика мамандары, қоғам белсенділері мен мәдени қызметкерлердің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сала мамандары 6 қазанда болатын референдумның маңызы жайлы сөз қозғап, өзекті сұрақтарға жауап берді. Жиында АЭС-ті салудағы әлемдік тәжірибеге баса назар аударды. Тараптардың пікірі тыңдалып, көпшілік толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ ядролық физика институтының өкілдері халық арасында тарап жатқан алып-қашпа, негізсіз деректерден аулақ болуға шақырды. Мамандар "референдум – әр азаматтың елдің даму сатысына қарай жасайтын таңдауы" деп атап өтті.

"АЭС салса оның маңында тұруға болмайды» деген жалған ақпарат көп тарап жатыр. Адамдар радиациядан қорқып, оның қауіпті, зиянды қалдықтары бар екенін айтып жатыр. Бұл – негізсіз айтылған деректер. Мен 25 жыл ядролық физика саласында істеп келемін, басқа елдердегі тәжірибемен таныспын", – деді ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі Елдар Жақынбаев.

"Елімізде АЭС-тың қуатына қажеттілік күн сайын артуда.  Елімізде электр энергиясының 70 пайызға жуығы көмір арқылы жүзеге асады. Көмір энергиясы біраз жылдан кейін экологиялық талаптарға сай келмей қалады", – деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.

Оқи отырыңыз: АЭС салынса, электр қуаты арзандауы мүмкін

 

Новости партнеров