Аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы
Түркістан облысында референдум күні 73 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның қатарында егіздер де бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өмірге келген сәбилердің 41-і ер бала, ал 32-сі қыз. Аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Маңызды күнде баласын бауырына басқан ананың бірі - Дильназ Момынова. Оның 2 қыз, бір ұлы бар. Бүгін үшінші қызын босанып, есім қойыпты.
"Есімін Жәннәт деп қойдық. Себебі араға 16 жыл салып дүниеге келді. Түркістан қаласында жақсы мамандар бар. Сондай мүмкіндіктер жасалған. Аналарға барлық жағдай жасалғанын көріп қуанып отырмын", – деді қала тұрғыны Дильназ Момынова.
Оқи отырыңыз: Алаш арыстарының кейпіне енген азаматтар дауыс берді