Референдумда бақылаушылар 20-ға жуық заң бұзылғанын анықтаған

07.10.2024 14:57

"Дауыс" қоғамдық бірлестігі атынан ел аумағы бойынша 18 мыңға жуық адам жұмыс істеген

Референдум кезінде шетелдік байқаушылармен қатар, қазақстандық мамандар да дауыс беру процесін бақылады. "Дауыс" қоғамдық бірлестігі атынан ел аумағы бойынша 18 мыңға жуық адам 9 мың 500 референдум учаскесінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірлестік өкілдері айтуынша, бұл – алдын ала нәтиже. Себебі әлі де учаскелердегі байқаушылар есептерін жіберіп жатыр. Референдум кезінде "Дауыс" қоғамдық бірлестігінің мамандары 20-ға жуық заң бұзылғанын анықтаған. Бірақ бұл өрескел заңбұзушылық болып есептелмейді.

"Бізден байқаушыларымыздың тіркеген фактілерінің бірі – сайлаушылардың дауыс беру кабинасына жанұя мүшесімен 2 немесе 3 адамнан кіріп кету. Сонымен қатар, ауылдық өңірлерде туыстарына, жанұя мүшелеріне дауыс беру ниеті болған. Осындай фактілер анықталды", – деді  "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов.

Оқи отырыңыз: Республикалық референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған - ОСК