Ресейдегі ұшақ апаты: аймақта үш күндік аза тұту жарияланды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ұшаққа 49 жыл болғаны белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар апат орнына жетті. Амур облысында апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған барлық 49 адам қаза тапты. Амур облысының губернаторы Василий Орловтың мәліметінше, бортта 43 жолаушы, соның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ангара» әуе компаниясының Ан-24 ұшағы Хабаровск — Благовещенск — Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Тында әуежайында екінші айналымға кірген кезде апатқа ұшырады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ұшақ шамамен 50 жыл бұрын шығарылған. Бұған дейін «Ангара» компаниясының бас директоры жаңа техника жетіспеушілігіне байланысты ескі Ан-24 және Ан-26 ұшақтарымен ұшуға рұқсат сұраған болатын.

Аймақта үш күндік аза тұту жарияланды.

Оқи отырыңыз: Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: барлық адам көз жұмды

Новости партнеров