Ресейдегі төбелес: қазақстандық әлі де тергеліп жатыр

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бұл іс бойынша ешкім қамауға алынбағанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Усть-Луга кентіндегі жаппай төбелестен кейін бірнеше қазақстандық әлі де тергеліп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сөзінше, 14 адам тергеуден босатылып, айыппұл төлеген. Қалғандары тергеліп жатыр. Вице-министр бұл іс бойынша ешкім қамауға алынбағанын айтты. Сондай-ақ ол сол тәртіпсіздікте бой көрсеткен қазақстандықтардың қалғаны елге қайтырылған-қайтарылмағанына қатысты нақты ақпарат айта алмайтынын жеткізді.

Есте болса, 26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде төбелес болып, оған Қазақстан азаматтарының да қатысқаны айтылған.

«Білмеймін. Нақты ақпаратты айта алмаймын. Бірақ олар заңды түрде қалуы мүмкін. Келесімшарттары бар ғой. Сол келесімшарттың негізінде жұмыс берушілер қалдырамыз десе және Ресейдің заңы бұзылмаса, онда олар қала алады», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

Новости партнеров