Roland Garros Junior: Алматыда турнирдің іріктеу кезеңі басталды

Биылғы бәсекеге Орталық және Батыс Азия елдерінен іріктелген ең үздік 16 жас спортшы қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында беделді «Roland Garros Junior» турнирінің іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жарыс Азия мен Қазақстан теннис федерацияларының қолдауымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы бәсекеге Орталық және Батыс Азия елдерінен іріктелген ең үздік 16 жас спортшы қатысады. Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар қазанда Жапонияда өтетін келесі кезеңге жолдама алады. Ал ол жақта үздік деп танылғандарға келер жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатына тікелей жолдама ұтып алуға мүмкіндік бар.

«Жарыстың деңгейі өте жоғары. Қатысушылар, келіп отырған жас спортшыларымыздың деңгейлері өте мықты. Ауа райы керемет. Gorky Park теннис орталығының инфраструктурасы әлемдік деңгейде мойындалған. Сондықтан осы жарысты Қазақстан теннис федерациясының негізгі, маңызды жарыс түрлері деп есептейді. Себебі жас спортшылардың, жас буынның даярлыңы өте маңызды», – деді  Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Медет Байкен.

Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс аяқталды    

 

Новости партнеров