Рудныйда екі бала жоғары қабаттан құлап кетті

18.06.2025 09:18

Олар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді

zhenzhong liu/ unsplash.com/

Рудный қалалық көпбейінді ауруханасына бірнеше сағат аралығында екі бала жоғары қабаттан құлап, түрлі жарақатпен жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

1,5 жасар бүлдіршін қыз екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған. Оған облыстық балалар ауруханасынан келген хирургтар шұғыл ота жасады. Олар Рудныйға санавиация желісі арқылы түнде жеткен.

«Қыздың жағдайы өте ауыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Ал 7 жастағы ұл бала бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып үлгерген, алдағы уақытта ол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады.

Балалар қауіпсіздігі үшін есте сақтаңыз:

  • Терезелерге қорғаныш тор орнатыңыз;
  • Бала терезеге жақындамауы үшін жиһазды алшақ қойыңыз;
  • Пластикалық терезе тұтқаларын арнайы құлыппен жабдықтаңыз;
  • Балаға терезе маңында ойнауға мүлде тыйым салыңыз.

Оқи отырыңыз: Іле-Алатауы табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар түсіп қалды