Сәби дүниеге келгенде қандай мемлекеттік төлемдер беріледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жаңа туған нәрестенің ата-аналары қандай қолдау ала алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баланың дүниеге келуі – әр отбасы үшін қуанышты әрі маңызды оқиға. Осы кезеңде ата-аналарға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік төлем қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, 2026 жылы бала туған кезде берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші балаға 164 370 теңгені, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын ата-аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері баланың отбасындағы кезектілігіне байланысты:

  • бірінші балаға – 24 912 теңге;
  • екінші балаға – 29 474 теңге;
  • үшінші балаға – 33 972 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 38 493 теңге.

Жәрдемақыны рәсімдеу де жеңілдетілген. Қазір бірқатар банктің мобильді қосымшалары арқылы төлемдерді проактивті түрде рәсімдеуге болады.

Балаңыздың тууы тіркелгеннен кейін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келсе, онда көрсетілген мәліметтерді растап, төлем түсетін банк шотын көрсету жеткілікті.

Егер хабарлама келмесе, жәрдемақыны eGov.kz, eGov Mobile арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы рәсімдеуге болады.

Мемлекеттік қолдау шаралары жаңа туған сәбидің ата-аналарына қажетті көмекті уақытылы әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр