Сәтбаев қаласында ер адам қасындағы жолдасын пышақтап өлтірді

09.02.2026 15:34

Екі таныс спирттік ішімдік ішкеннен кейін төбелесіп, бірі екіншісіне суық қарумен шабуыл жасаған

Сәтбаев қаласында ер адам қасындағы жолдасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәліметке сенсек, қанды қылмыс тұрмыстық жанжалдан туған. Екі таныс спирттік ішімдік ішкеннен кейін төбелесіп, бірі екіншісіне суық қарумен шабуыл жасаған. Жәбірленуші оқиға орнында бірден жан тапсырыпты. Ал құзырлы орган өкілдері марқұмның бірнеше рет пышақталғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынған. 

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар көптеген пышақ жарақаты туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі», –  деді  облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының м.а Нұрғұлан Әбдішев.

Оқи отырыңыз: «Актив Ломбард» желісінің иесі қамауға алынды