Сайлаушылардың жартысынан астамы бюллетень алды

Көш басында  Қызылорда облысы 64,22.пайызбен тұр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлаушылардың жартысынан астамы бюллетень алған. Олардың саны 7 миллионға жуықтапты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы брифингті аяқтады. Нәтижесі артымдағы экранда шығып тұр. Сол ақпаратқа сүйене отырып, ең белсенді үш өңірді атап өтейін. Көш басында  Қызылорда облысы 64,22. пайызбен тұр. Екінші Абай облысы халқы келе жатыр екен. Үшінші орында Жетісу облысы.

«Еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 % құрады. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305  учаскеде дауыс беру аяқталды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын ақпарат таратып жатқанда, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет жас ұрпақтың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне ерекше тоқталып, жоғары баға берген. 

Оқи отырыңыз: Тарихи белес: Жамбыл ұрпақтары мен өңір тұрғындары сайлауда ерекше белсенділік танытты