Салық хабарламасына жауап бермегендердің банк шоты бұғатталуы мүмкін

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Салық хабарламасына 30 жұмыс күні ішінде жауап беру қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шоттар бойынша шығыс операциялары камералдық бақылаудың өзінен емес, салық төлеушінің хабарламаға жауап бермеуінен тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды тұрақты жүргізеді. Қазір ол екінші деңгейдегі банктердің мәліметтері (POS-терминалдар арқылы түсімдер) және мобильді аударымдар бойынша жүргізіледі. Егер бұл мәліметтер салықтық есептілік деректерімен сәйкес келмесе, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі.

Хабарламалар қыркүйекте жіберілді. Жауап беруге хабарлама салық төлеушінің кабинетіне жеткізілген күннен бастап 30 жұмыс күні (45 күнтізбелік күн) беріледі. Егер салық төлеуші осы мерзімде жауап бермесе, оның шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.

Хабарламаны қалай орындауға болады (бір әдіс жеткілікті):

  • қосымша салықтық есептілікті ұсыну және салықтарды төлеу;
  • немесе айырмашылықтардың себептері туралы түсініктеме ұсыну.

Салық төлеуші хабарламаға жауап берген бойда, бұғаттау күшін жояды және шоттар қайтадан жұмыс істейді. Салық төлеушінің жеке кабинетінде, хабарламаны тексеріп және оған жауап беруге  болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан көрсетілетін қызметтер саласында ДСҰ-ның халықаралық стандарттарын енгізеді