Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған: Павлодарда балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты

Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған. Павлодарда бүлдіршіндерге күш көрсетіп, соққыға жыққан балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда үш кішкентай баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, жағдай былтыр жазда болған. Балабақша қызметкері балалардың шашынан сүйреп, төмпештеген. Салдарынан үшеуі дене жарақатын алған.

«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі және 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұлдыз Қамалова.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Түркістан облысында 8 адам суға кетіп, көз жұмды

Новости партнеров