Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды
Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған. Павлодарда бүлдіршіндерге күш көрсетіп, соққыға жыққан балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда үш кішкентай баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, жағдай былтыр жазда болған. Балабақша қызметкері балалардың шашынан сүйреп, төмпештеген. Салдарынан үшеуі дене жарақатын алған.
«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі және 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұлдыз Қамалова.
Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Түркістан облысында 8 адам суға кетіп, көз жұмды