SDU университеті базасында IELTS тест орталығы ашылды

Жоба үміткерлердің халықаралық емтихандарға қолжетімділігін арттырмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаскелеңдегі SDU университеті базасында IELTS тест орталығы ашылды. Аталған жоғары оқу орны мен IDP IELTS Қазақстан ұйымы бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба үміткерлердің халықаралық емтихандарға қолжетімділігін арттырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңашылдық пен тың үдерістердің жаршысына айналған SDU University-інде тағы да қуанышты жаңалық. Жоғары оқу орны қабырғасында IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған IELTS on Computer ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті.

«Бұл арқылы сол IELTS тапсырам деген үміткерлер мектеп оқушылары, студеттер, бәлкім болашақта докторантура, магистратура оқимын деген кісілерге ағылшын тілінен алған IELTS бойыншы емтиханын тапсыруға мүмкіндігі ашылып отыр. Бұл керемет жаңалық. Осыған дейін ірі қалаларда орналасқан IDP IELTS компаниясының бірінші рет Қаскелең қаласында офисі ашылды»,  деді SDU university ректоры Әлімжан Игенбаев.

Жаңа орталық қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және үміткерлерге емтиханның заманауи компьютерлік форматынан өтуге, нәтижелерді жылдам алуға, бір дағды бойынша қайта тапсыру мүмкіндігіне, сондай-ақ қосымша дайындық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғындары үшін университет қабырғасында халықаралық емтиханды тапсыруға мүмкіндік ашылып жатыр. Яғни, енді IELTS-тің ресми сертификатын алу үшін алысқа сабылудың керегі жоқ. Бәрі осы жерде орналасқан» деді IDP IELTS Kazakhstan  директоры Алла Липинская.

Орталықтың ашылуына орай шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, заманауи техникал армен жабдықталған кабинеттер таныстырылды. IDP IELTS Kazakhstan және SDU Extension Center (Үздіксіз білім беру орталығы) арасындағы серіктестік халықаралық тәжірибе мен академиялық әлеуетті біріктіруге бағытталған. Бұл жоғары нәтижеге жету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Асыл Махметов, Ернат Болатбек

 

Новости партнеров