Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау басталды
Биыл алғаш рет зиянкестермен күрес жұмыстарына арнайы агродрондар қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау басталды. Бүгінде жауаптылар алдын-алу шараларын жүргізуге арналған 74 техниканы дайындап, жұмысқа сақадай сай тұр. Химиялық өңдеу өңірдегі барлық аудандарда өтеді.
Айта кету керек, тазалық шаралары әсіресе, оңтүстікте орналасқан аймақтарда ұйымдастырылады.
«Облыстық бюджеттен 550 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Егер шегірткенің таралу динамикасы туралы айтсақ, оның циклі әр 10–12 жыл сайын қайталанып отырады. Біздің облыста соңғы шарықтау кезеңі 2024 жылға сәйкес келді. Сол кезде 856 мың гектар өңделсе, бүгінгі таңда 2026 жылы 424 мың. Яғни , екі есе аз», – деді облыстық аумақтық инспекция басшысы Дастан Сағыров.
Оқи отырыңыз: Елімізде су тасқыны жағдайы тұрақталды