Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылады

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс орталығындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түспек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында жергілікті халыққа «Ескі көпір» атауымен белгілі автогуж көпірінің жолы толық асфальт төселетінін жеткізді.

«Апта соңында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарын бастау қажет. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Бір аптаның ішінде аяқтауды тапсырамын. Кіре беріс жолдарын қоса алғанда 1 шақырымға жуық жерге, алыңдығы 6 сантиметрлік асфальт төселетін болады. Осылайша қаламыздағы екі көпір де толық жаңарады», – деді облыс әкімі.

Осыған дейін Семейдегі аспалы көпірдің жолы мен айналма жолдың асфальт жабындысы толық ауыстырылған болатын.

Ескі көпірдегі жұмыстар аяқталғанда облыс орталығындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түспек.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды: Мәселені шешкеннен гөрі алдын алған әлдеқайда маңызды

Новости партнеров