Семейде із-түзсіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды
Ринат Ахметов 4 қарашада үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған
Семейде із-түзсіз жоғалған 44 жастағы Ринат Ахметовтің мәйіті табылды. Оның неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ер адамның денесі Бородулиха ауданынан табылған. Оны іздеуге полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылған. Ринат Ахметов 4 қарашада үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
Ал 9 қарашада жоғалған азаматтың көлігі Алексеевка ауылынан 15 шақырым жердегі сайдан табылыпты.
«Ер адамның денесі Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы далалық жерден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге үсіп қалу себеп болуы мүмкін. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», – деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Мұрат Айдарханов.
Оқи отырыңыз: «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды