Жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында Ата Заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиынға ҚР Ұлттық музейі, Жастар ғылыми-зерттеу орталығы, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының өкілдері, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары мен магистранттары қатысты.

Іс-шара барысында конституциялық реформа, мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі мен олардың виртуалды кеңістікте қорғалуы, сондай-ақ Ата Заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтар талқыланды. Сонымен қатар  Конституцияның жаңа мәтінінде азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма алғаш рет енгізілгені атап өтілді.

Қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын ғылыми тұрғыдан сараптау мен мамандардың пікірлерін жүйелеу елдің болашақ құқықтық негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін сөз етті.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен жастардың рөлі талқыланды

 

Новости партнеров