Семейдегі «Пищевик» стадионынан табылған адам сүйектеріне қатысты жаңа болжам айтылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Меруерт Нүрденованың айтуынша,  марқұм жоғалар алдында стадионда күзетші болған екен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейдегі «Пищевик» стадионынан табылған адам сүйектеріне қатысты жаңа болжам пайда болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, ескі стадион орнына жаңадан Жекпе-жек сарайының құрылысы басталған. Алайда жер қазу кезінде адам қаңқасының бөліктері табылған. Енді қала тұрғыны құрылыс алаңынан шыққан сүйек 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп отыр.

Меруерт Нүрденованың айтуынша,  марқұм жоғалар алдында стадионда күзетші болған екен және кезекті кезекшіліктен оралмаған. Содан бері із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Алайда бұл әзірге болжам ғана. Сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ал құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылған.

«Сүйек табылған соң, күдік пайда болды. Сараптама нәтижесін тосамыз. «Бір жағынан сүйек әкеме тән болса, жерлеп, басына барып құран оқысақ» деп ойлаймыз», – деді қала тұрғыны Меруерт Нүриденова.

Оқи отырыңыз: Нұрай Серікбайдың сотында жанжал шықты