Қоғамдық орындар, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялық желілер және интернет-платформаларда таратылуына тыйым салынады
Сенаторлар ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады. Құжатта педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте таратуға шектеу қою туралы жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, көше, қоғамдық орындар, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялық желілер және интернет-платформаларда таратылуына жол берілмейді. Депутаттар «қоғамды, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді осындай мазмұндағы ақпараттың ықпалынан заңмен қорғау керек» дейді.
Айта кетейік, жоғарғы палата аталған заң жобасын қарауды 4 қарашада пленарлық отырыстың күн тәртібінен алып тастаған еді.
«Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Есбай.
Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр