Шанхай қаласында өткен халықаралық чемпионатында жеңіске жеткен оқушылар елге оралды

Almaty.tv
Almaty.tv

Олар Connect Award марапатына ие болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысы білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары Шанхай қаласында өткен халықаралық FIRST Tech Challenge чемпионатында Connect Award марапатына ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – тек робот құрастыру жарысы емес, бұл — ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы үздік жетістіктер мен командалық рухты бағалайтын зияткерлік дода.

Water7 командасы STEM қауымдастығымен тығыз байланыс орнатып, өзінің даму жоспары мен әлеуметтік жауапкершілігі арқылы сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Бұл жетістік – оқушыларымыздың ізденісі мен еңбегінің, тәлімгерлердің қолдауы мен бағыт-бағдарының, сондай-ақ білім басқармасының сенімі мен қолдауының нақты нәтижесі.

Халықаралық чемпионаттан жеңіспен оралған оқушыларымызды туған елдің топырағында ерекше қуанышпен қарсы алды.

Кеуделерінде мақтаныш, жүздерінде қуаныш ұялаған оқушылар өздерінің жетістіктері туралы әсерлі әңгімелерін бөлісті. Олар Қытайдың Шанхай қаласындағы байрақты бәсекеден алған әсерін, сол ортадағы мәдениет пен тәртіп, жаңа мүмкіндіктер жайлы ойын ортаға салып, шет елдегі тәжірибе олардың болашағына деген сенімін арттырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: ҰБТ: Алматыда 5 мыңнан аса түлек тест тапсырды

Новости партнеров