Айыпталушы тараптың адвокаттары мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірді
Шерзат Полаттың өліміне қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушылар сұрақтарға жауап беріп жатыр. Бірінші болып Дархан Әскентай сұралды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол қайғылы жайт болған күні «Қамажай» дүкеніне алғаш келген. Айыпталушының сөзінше, Шерзат оны кастетпен ұрыпты. Бірақ сотқа дейінгі тергеу амалдарында мұндай мәлімет болмаған. Дархан Әскентайдың екіұшты жауабына наразылық білдірген прокурор «Бұған дейін неге айтпадыңыз? Есіңізге қазір түсті ме?» деп қарсы сұрақ қойды. Өз кезегінде айыпталушы тергеу барысында оған қысым көрсетілгенін жеткізді.
Айта кетейік, осыдан соң Олар «Прокурор сұрақ-жауап кезінде қысым көрсетіп, ақпаратты бұрмалап жатыр» деп санайды. Кейіннен сот кеңесу бөлмесіне кетіп, айтылған уәжге шешім шығарды.
«Адвокат Ержановтың мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбаеваға қарсылық білдіруі туралы өтініш хаты қанағаттандырудан бас тартылсын. Қарсылық білдіруді қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы-шағым жасауға прокурордың өтініш хаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды. Қаулымен келіспеу туралы дәлелдер аппеляциялық шағымға, өтініш хатқа кассациялық тәртіппен қарау туралы наразылыққа енгізілуі мүмкін», – деді судья Ержан Жанұзақов.
Еске салайық, Шерзат Полаттың әкесі төбелесті бастауға бұйрық берген адамның кім екенін айтты
Сот отырысында сотталушылардың туыстары шу шығарды
Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды
Дана Жақсыгелді сотталушылардың қолынан пышақ пен мылтық көргенін айтты
Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауаптары талқыланды
Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты
Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты
Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты
Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.
Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді
2024 жылы 4 қазанда төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болды.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.
Биыл ақпанда Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған