Шерзаттың ісі: куәгер түсірген бейнежазба көрсетілді

«Қамажай» дүкеніндегі қарсылықтың қалай басталғанын, оқиға болған сәтте не көргенін айтқан олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Шерзат кешірім сұрасын дедім». Бүгін Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысында айыпталушылар жауап беруді жалғастырды. «Келіспеушілікті барынша жанжалсыз шешуге тырыстық» деген жігіттердің бірі төбелесуге тек мылтық атылғанда мәжбүр болдық деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Талдықорғандағы кезекті сот отырысында қанды қылмыс болған күні куәгер түсірген бейнежазба көрсетілді. Видеода жарақат алып, қансырап жатқан Шерзатқа өзге жігіттердің тоқтаусыз соққы жаудырғанын байқауға болады. Сондай-ақ марқұмның анасының «жедел жәрдем шақырыңдар» деп айқайлағаны да анық естілген. Отырыста дәйек болған бұл бейнені оқиға маңындағы үйдің тұрғыны түсіріп алыпты. Ал видеоға сүйенген мемлекеттік айыптаушылар бұған дейін куәлік еткен азаматтардың жалған дерек келтіргенін айтып отыр.

«Өткен сот отырысында Нұрбекова мен Жақсыгелді сөмкелерін көлікте тастап кеттік деп айтқан болатын. Алайда дүкенге кірген сәтте сөмкелер өзімен болды. Осы сәтте Белғожаев пен Тоқтаубаев Нұрымовқа шабуыл жасап жатыр.  Шерзатты бірінші болып Белғожаев тебеді. Сол жағында анасы Бишімбиева отырады. Белғожаев, Ілиясов Шынасыл, Сәкиев Ғайыпбаевты сол жаққа алып кетті. Сол жерде құжаттармен анықталды. Шынасыл мен Сәкиев пышақ жарақатын келтіреді», – деді мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаев

Айта кетейік, бүгін сот алдында айыпталушылар жауап берді. «Қамажай» дүкеніндегі қарсылықтың қалай басталғанын, оқиға болған сәтте не көргенін айтқан олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Мәселен, Дархан Әскентай төбелеске тек жігіттерді ажырату үшін бардым десе, Тоқтаубаев келіспеушілікті жанжалсыз шешкім келді деп ақталды.

«Қаржаубай менімен төбелескісі келді, өзін агрессивті түрде ұстады, бізге пышақ тақады. «Денсаулығыңды қойып тастайсың» деген нәрсені айтқам жоқ. Қаржаубай «сені өлтіремін» деп пышақ ұстап жүрді. Нұрқанат біреулерге қоңырау шалып шақырып жатты. Мен де інімді шақырдым. Нұрқанат мылтық атты бізге. Солай төбелес басталып кетті», – деді айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев.

Айтпақшы, Тоқтаубаевтың қорғаушысы оның күдіктілердің қатарында отырғанын процессуалдық заңбұзушылық деп есептейді. Алайда судья істі қайта қарауды талап еткен адвокаттың сұрауын қанағаттандырмады. Ол ғана емес, айыпталушы Әскентайдың қорғаушысы да Дарханның жәбірленуші екенін алға тартып отыр.

«Күдікті деп тағайындалмаған Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат. Күдікті деп танылмаған, істе жоқ. Сол бойынша істі қайтаруды сұрадық. Істе қаулы жоқ, таныстырмаған», – деді айыпталушы Д. Әскентайдың қорғаушысы Мәулен Ержанұлы.

Сот отырысында сөз алған Нұрбол Тоқтаубаев бұл оқиғадан өзінің де зардап шегіп, тіпті күйзеліске түскенін айтып отыр. Айыпталушы оған қоса, тергеу кезінде полицейлер тарапынан қысым көрсетілгенін айтты. Ал бөлімше ішінде Қаржаубай Нұрымов соққы жаудырыпты-мыс.

Айта кетейік, айыпталушы айтқан деректердің рас-өтірігі әлі де анықталады. Өзге күдіктілер ертең 10:00-де басталатын сот процессінде жауап береді.

Малика Қалқаманқызы, Мирас Анитов, Талдықорғаннан

Еске салайық, Ержан Жанұзақов блогерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады

Шерзат Полаттың әкесі төбелесті бастауға бұйрық берген адамның кім екенін айтты

Сот отырысында сотталушылардың туыстары шу шығарды

Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды

Дана Жақсыгелді сотталушылардың қолынан пышақ пен мылтық көргенін айтты

Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауаптары талқыланды

Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты

Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты 

Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты

Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.

Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді

2024 жылы 4 қазанда төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болды.

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Биыл ақпанда Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған

Новости партнеров