Елімізде биыл 44 мың адамның кредиті кешірілген
Елімізде биыл 44 мың адамның кредиті кешірілген. Қаржы нарығын дамыту агенттігі 1,5 миллионға жуық азаматтың несиесін кешіруді көздеп отыр.Бүгін аталған ведомство Мәжіліске тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.
Биыл 44 мың адамның кредиті кешірілген. Олар – әлеуметтік осал топтағы адамдар. Арасында несие төлеу мерзімін бірнеше жыл кешіктіргендер де бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының айтуынша, алдағы уақытта 1 миллион 400 мың адамның несиесін кешіру жоспарда бар.
Көп оқылған: Талғардағы қанды оқиға: полицейлер төбелестің қалай басталғанын бейнежазбадан көрсетті
"Банктер мен микроқаржы ұйымдары жаңа жоспарды енгізіп жатыр. Деректерді жаңартамыз. Мәлімет бойынша 44 мың адамға мерзімі өткен қарызы кешілірді", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.
Бүгін елімізде 3 шетелдік банктің филиалы ашылуы мүмкін екені белгілі болды. Олардың арасында Оңтүстік Корея, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы ұйымдары бар. Мәжілісінің депутаты «бұл – елде бәсекелестіктің артуына, несие пайызының төмендеуіне ықпал етеді» дейді.
"Шетелдік банктер тұтынушылық кредитпен айналыспауы керек. Онсыз да несие алып отырған қазақстандықтар қарызға батады. Олар экономиканың нақты секторына несие берсін. Жаңа ойыншылар пайда болса, бәсекелестік те артады. Ал клиент үшін таласқан қаржы ұйымдары пайызын азайтуы мүмкін", – деді ҚР Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков.
2020 жылы «шетелдік банктердің Қазақстан нарығына кіруі үшін 20 миллиард доллар активі болуы керек» деген талап қойылған. Сол межені 10 миллиардқа түсіру көзделіп отыр. Шетелдік қаржы ұйымдарының Қазақстанға кіруіне жол ашылмақ.
Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, Астана
Оқи отырыңыз: Баланың онлайн-сауда жасағаны дұрыс па