Көлік салығы бойынша қарыз мөлшері 3,2 миллиард теңге
Астанада 78 мыңнан астам адам мемлекетке 3,5 миллиард теңге қарыз. Соның салдарынан берешегін өтемеген азаматтар шетелге шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылай ескерту жасаған Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «қарыздың негізгі бөлігі көлік салығына тиесілі» дейді. Оның көлемі шамамен 3,2 миллиард теңге. Ал мүлік салығы бойынша қарыз 292 миллион теңгені құрапты.
«Берешегі бар салық төлеушілердің жалпы саны 78 мыңнан асады. Сіз қарыздың бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында, электрондық үкімет порталы және де eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Елден шығуға уақытша шектеулердің бар-жоғы Әділет министрлігінің сайтында қолжетімді», – деді Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сыдықов.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда теңіз жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды