ШҚО-да 4 балықшы құтқарылды

elements.envato.com
elements.envato.com

Олар жағалаудан тым алыстап кетіп, құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында жағаға жете алмай қалған 4 балықшыға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 ер адам Бұқтырма су қоймасының Қаракөл шығанағына балық аулауға кеткен. Алайда олар жағалаудан тым алыстап кетіп, құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды.

«Белгілі болғандай қайық қозғалтқышының ақауына байланысты олар жағаға жете алмай қалған. Хабар түсе салысымен құтқарушылар көмекке келді. ТЖД қызметкерлері балықшыларды жағаға аман-есен жеткізді. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қайықта құтқару күртешесін киюді, қатты жел кезінде суға шықпауды және сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажеттігін ескертті.

Оқи отырыңыз: Шымкентте ХҚКО қызметкері бір топ адамды 180 млн теңгеге алдап кеткен

Новости партнеров