Диана еш сасқан жоқ, табандылық танытып, күдіктінің соңынан жүгіріп, смартфонын қайтаруға тырысты
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті. Жиын барысында Өскемен қаласының 11 жастағы тұрғыны Диана Асатова марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірім қыз шын мәнінде ерлік пен қайсарлық танытты. 2024 жылдың 8 наурызында “Торпедо” хоккей мектебінің тәрбиеленушісі жаттығуға бара жатқан кезде белгісіз ер адам оның телефонын тартып алып, қашып кетпек болған.
Бұл оқиға жәбірленушінің батыл әрекетімен де ерекшеленді. Диана еш сасқан жоқ, табандылық танытып, күдіктінің соңынан жүгіріп, смартфонын қайтаруға тырысты.
Алайда қылмыскерден қауіп төнгенін аңғарған ол жағдайды дұрыс бағалап, бірден көмекке жүгінуді жөн санады. Күдікті сол күні “ізін суытпай” ұсталды. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жас спортшының әр кезеңде табандылық пен батылдық танытқанын атап өтті. Ол сенімді түрде түсініктеме беріп, оқиғаның барлық егжей-тегжейін нақты айтып берді, тіпті оның суыққандылығы мен өзін-өзі ұстауына ересектердің өзі таңғалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Кинологтары 100-ден аса есірткі қылмысын анықтаған