Заңсыз қызметі салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты
ШҚО-да бағалы металл өндіріп, жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар заңсыз әрекеттерін Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында іске асырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, екі жыл бойы лицензиясыз өзен арнасын өзгерте отырып, заңсыз алтын өндірген. Оған ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылыпты.
«Заңсыз қызметі салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді. Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Салтанат Көшербаева.
Оқи отырыңыз: Еркек болсаң, әйеліңді араластырмас едің: Берденов сотта өзіне оқ атқан күдіктіге шүйлікті