Алматыда абаттандыру ережесін бұзғандарға қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өткен күні рейд кезінде полиция қызметкерлері мен экологтар бұл деректі тіркеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда абаттандыру ережелерін бұзғандарға қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонақүй Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Абылай хан көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан. Өткен күні рейд кезінде полиция қызметкерлері мен экологтар бұл деректі тіркеді.

Құрылыс қалдықтарын қоғамдық орында сақтаған қонақ үй басшылығына ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының талаптары бойынша шара қолданылды.

"Алматы қаласында 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап “Таза Қазақстан” кең ауқымды науқаны аясында абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламыз. Бір айдың ішінде қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 1415 тәртіп бұзушыға хаттама толтырылды. Айыппұл 107 миллион теңгеден астам соманы құрады. Ал қоғамдық орындарды ластауға қатысты 894 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар ірі көлемдегі қалдықтарды, жиһаздарды, сынған тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын сақтағаны үшін 216 құқық бұзушы 16 миллионға жуық айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп атап өтті Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

 

Оқи отырыңыз: Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді

Новости партнеров