Шығын 11 млн теңге: мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

20.10.2025 16:33

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған

стоп кадр

14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды. 

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан.

Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Барлық күдіктілер қамауға алынды.

"Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады", — деді ІІМ-де.

Оқи отырыңыз: Алматыда өткен турнирде әлемдік теннис жұлдыздары бақ сынады