Ауаға таралатын зиянды шығындылар 44 мың тоннаға дейін өскен
Шымкентте экологиялық ахуал күрделі. Мұны салаға жауапты басқарманың өкілдері мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Дерекке сүйенсек, кейінгі 3 жылда ауаға таралатын зиянды шығындылар 31 мың тоннадан 44 мың тоннаға дейін өскен. Бұл жағдайға қала аумағында индустриалды аймақтардың көбеюі, жаңа зауыттардың іске қосылуы мен көлік қозғалысының артуы себеп болған көрінеді.
«Жыл басынан бері 20 млн теңге айыппұл салынды. Ол осы 5 айда атқарылған жұмыс нәтижесі. Ол жерде негізгі мәселе – кәсіпорындардың тазалау қондырғыларынсыз жұмыс істеуі, не болмаса түнгі уақытта өшіріп қойып жұмыс істеуі, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуі. Сондай мәселелер бойынша айыппұл салынған», - деді Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.
Жауапты органдар мегаполистегі өндіріс орындары жіті бақылауда екенін айтады. Қазіргі таңда қаладағы төрт ірі кәсіпорынға автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылыпты. Бұл жүйе арқылы зауыттардың ауаға қаншалықты зиянды қалдық шығарып жатқаны қадағаланбақ.
Оқи отырыңыз: Қоршаған ортаны қорғау күні: Аюсай шатқалында пластик қалдықпен күрес күшейді