Жайлаудан тауып алған: Алматы облысында қару-жарақ сақтаған малшы сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Сотталушы өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Райымбек аудандық сотында атыс қаруларын, оқ-дәрілерді заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айыппен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2024 жылы 5 шілдеде сотталушы атқа отырып Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Аққөл» жайлауында мал жайып жүрген кезінде іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген.

«Қаптың ішінде ешбір құжатсыз «ВЕПРЬ-308» және «ТОЗ-8» маркалы қаруларын, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі қарулардың оқ-дәрілерін тауып алған. Сотталушы қапты ішіндегі заттарымен өз атына жүктеп, өзімен бірге Қаратоған ауылына апарып, өз тұрғын үйінде заңсыз сақтаған», - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі іс-материалдармен: куәлардың айғақтарымен және сотта расталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот сотталушының жазасы мен жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлары ретінде оның шын ниетпен өкінуін таныды. Ал қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

«Сотталушы өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот шешімімен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Үйсіз қалдым: Қайрат Нұртастың әйелі кіммен соттасып жатқанын айтты

Новости партнеров