Шымкентте полиция қызметкері бір әйелді қағып, көз жұмды

Құзырлы орган жүргізуші тарапынан заңбұзушылық болмағанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте полиция қызметкері бір әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға күні кеше Ішкі істер департаментінің маңында болған. Белгілі болғандай, марқұм ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол сәтте оны «Тайота» маркалы автокөлік соғыпты. Салдарынан, жәбірленуші оқиға орнында жан тәсілім еткен. Бүгінде құзырлы орган жүргізуші тарапынан заңбұзушылық болмаған деп отыр.

«Бүгінде аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталмады. Яғни ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті

Новости партнеров