Шымкентте үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

Бұл - жыл басынан бері мегаполисте тіркелген төртінші жағдай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте үш жасар бала терезеден құлап, ажал құшты. Қайғылы жағдай Тұран шағынауданында болған. Өкініштісі, алтыншы қабаттан құлаған бүлдіршін ауруханаға жетпей жан тапсырған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері мегаполисте тіркелген төртінші жағдай. Оның үшеуі бала өлімімен аяқталып отыр.

«Ата-аналарға айтарымыз, балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Терезеге орнатылған москитті торлар құтқарып қалады деп ойламаңыздар. Москитті тор да қауіпті. Терезені ашық қалдырмаңыздар. Жиһаздарды терезенің астына қоймаңыздар. Терезелерге бекіткіш орнатуды ұсынамыз», - деді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ирисмат Махмудов.

Оқи отырыңыз: Жеті адамның өмірін жалмаған жол апаты: жүргізушінің жағдайы туралы айтылды

Новости партнеров