Шымкентте жайылым азайып барады

31.07.2025 14:50

Мегаполисте ауыл шаруашылығына арналған 54 мың гектар жер бар

Шымкентте жайылым мен егістік алқаптары жылдан-жылға азайып барады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте ауыл шаруашылығына арналған 54 мың гектар жер бар. Бірнеше жылда бұл көрсеткіш тағы төмендеуі мүмкін. Себебі қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Жауаптылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерінің қысқаруына қаладағы құрылыс себеп болып отыр. Егер жағдай өзгермесе, алдағы жылдары үшінші мегаполисте мал жаятын да, егін егетін де жер қалмайды. Дегенмен, бұл өндіріс көлеміне әсер етпейтін көрінеді.

«Қала болған соң жайылым, егістік көлемі,  маусымдық дақылдарың гектары, алқаптар мемлекет мұқтаждығына алынып, жылдан жылға азаайып барады.  Орнына индустриялдық аймақ құрылуда. Өйткені қаланы ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін емес, өнімді өңдеуге бағыттау керек», – деді Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысы Ержан Төлбасиев.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 52,8 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды