Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайғылы жағдай оқшаулау жұмыстары кезінде болды. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.  

Оқиға 26 тамызда сағат 14:30 шамасында болған. «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы оқшаулау жұмыстары барысында автокөтергіш аударылды. Оқиға салдарынан мердігер компания «КРС Астана» ЖШС-нің екі оқшаулаушы жұмысшысы қаза тапты.

— «ПКОП» ЖШС басшылығы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — деп хабарлады «PetroKazakhstan Oil Products» компаниясының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. 

Оқи отырыңыз: Елордада полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстады

Новости партнеров