IQ-Ala Jastary: Алматыда зияткерлік ойын аяқталды

Зияткерлік сайысқа төрт негізгі лига бойынша 101 команда өтінім берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай “IQ-Ala Jastary” зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры ұйымдастырды.

Зияткерлік сайысқа төрт негізгі лига бойынша 101 команда өтінім берген. Олардың ішінен іріктелген үздік 19 команда финалдық кезеңге жолдама алып, білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Қатысушылар 7 кезең бойы түрлі тақырыптарды қамтыған сұрақтарға жауап берді. Тарих, мәдениет, ғылым, ұлттық құндылықтар және осы заманға сай мәселелерге қатысты сауалдар ойыншылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдады.

«IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының ең басты мақсаты – Алматы қаласы жастары, яғни болашақ ұрпақтың білімге деген құштарлығын, шығармашылыққа деген қабілетін арттыру. Жүлде қоры – 1 млн теңген. Алматы қаласынан жүзден аса өтінім келіп түсті. Мыңнан аса жастарды қамтыдық», – деді  «Жауһар» қоғамдық қорының директоры Нұрислам Исмаил.

«Біздің команда 2-3 жылдан бері тұрақты Алматы қаласындағы интелектуалды ойындарда ойнап жүр. Ойынға алғаш қатысқанда сұрақтарға жауап беру қиын болатын. Біліміміз аз сияқты сезінетінбіз. Бірақ интелектуалды ойындардың арқасында логикамыз дамып, командалық жұмысты да арттырдық», – деді команда мүшесі Шұғыла Бүрлібаева.

Оқи отырыңыз: TikTok: Алматыда жастарға арналған тегін мектеп ашылады

Новости партнеров