Сиырды түлкі тістеп алған: Қостанай облысындағы ауылда карантин жарияланды

Өңірде бір айда екінші рет құтырма ауруы анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында осымен бір айда екінші рет құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Свердловка ауылындағы жеке шаруа қожалықтарының бірінде сиырды жабайы түлкі тістеп алған. Қазір онда карантин енгізіліп, ауру жұқтырған малды бірден өртепті.

Мамандар дезинфекциялық және профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Ветеринарлар қауіпті індетті таратушы жабайы аңдар екенін еске салады.

«Бізде 184 мың екпе бар. Вакцина салу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл малға негізі бұрын екпе салынған. Құтырмаға қарсы алдын алу жұмыстары аудандарда  қарастырылған», - деді Ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде авторлық құқықты қорғайтын бірыңғай цифрлық платформа әзірленіп жатыр

Новости партнеров