ШҚО-да 35 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Балабақшаларда ауру жұқтырған балалар саны – 7 879 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында маусымдық инфекция жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты онлайнға оқуға көшірілген сыныптар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 162 жалпы білім беретін мектептің 2013 сыныбында оқитын 34 655 бала уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Аталған сыныптардағы 14 073 оқушы маусымдық инфекция жұқтырған.

"Қала, ауданға бөліп айтар болсақ, онлайн форматта оқып жатқандардың көбі Өскемен қаласында (46 мектеп), Алтай ауданында (21 мектеп), Глубокое және Шемонаиха аудандарында (16 мектеп) тіркелген. Ал ең азы - Катонқарағай ауданында (4 мектеп). Білім беру процесі қашықтан оқыту талаптарына сай жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

Ал балабақшаларда ауру жұқтырған балалар саны – 7 879. Барлық мектепке дейінгі мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады

Новости партнеров