ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алған - ҰҚК

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды

 


 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану күдігімен ұсталды.

"Тергеу деректеріне сәйкес, ол жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында күдіктінің тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, осы өңірдегі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алып отырғаны анықталды.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Almaty TV арнасында «Архитектор» бағдарламасының жаңа шығарылымы жарық көрді

Новости партнеров