СҚО-да бірнеше көл кәсіпкерлерге пайдалануға берілмек

Almaty.tv
Almaty.tv

Өңірде 10 су айдыны конкурсқа қойылып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да балық шаруашылығымен айналысу үшін су айдындарын және олардың учаскелерін он жылға бекіту бойынша конкурс жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, жалпы өңірде 10 су айдыны конкурсқа қойылып отыр. Олардың басым бөлігі кәсіпшілік балық аулауға арналған.

Аққайың ауданында аумағы 26 га болатын Рубашное көлі конкурсқа шығарылды. Қызылжар ауданында бес көл: 73 га аумақты алып жатқан Речкин көл, ауданы 41,8 га болатын Стрельбище көлі, 175,1 га аумаққа созылған Черепков көлі, ауданы 548 га Солонцы көлі және 42 га алып жатқан Қызыл көлі (Кызылово) кәсіпшілік балық аулау мақсатында 10 жыл мерзімге бекітіледі.

Сонымен қатар Қызылжар ауданындағы Пруд көлі де конкурсқа шығарылған. Оның аумағы - 76 гектар, су айдынын әуесқойлық-спорттық балық аулау мақсатында қолдануға болады. 

Мамлют ауданында: аумағы 55 га Третье көлі, 65 га алып жатқан Поддувальное көлі және 57 га созылған Параскин көлі конкурсқа шығарылды. Бұл су айдындары да кәсіпшілік балық аулау үшін 10 жыл мерзімге бекітіледі.

Жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірін, аты-жөнін және байланыс деректерін көрсетуі керек. Ал заңды тұлғалар заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, толық атауын, бірінші басшысының деректерін, банк шотының реквизиттерін және байланыс ақпаратын ұсынуы тиіс.

Маңызды талаптардың бірі - кепілдік жарнасын төлеу. Конкурсқа қатысу үшін 100 айлық есептік көрсеткішті (432 500 теңге) төлеу керек. Өтінім қабылдау 1 қазан күні сағат 09:55-те

Оқи отырыңыз: Су ресурстарын үнемдеу: Қазақстанда күріш егісі 21,6 мың гектарға қысқарды