СҚО-да әкесін тепкінің астына алған ер адам қамауға алынды

67 жастағы зейнеткерге медициналық көмек көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да әкесін тепкінің астына алған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оқиға Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылында болған. Ішімдікке сылқия тойған 22 жастағы жігіт туған әкесін балағаттап, аяусыз ұрған. Онымен қоймай, қатігез әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан.

Бейнежазба көпшіліктің наразылығын туғызып, полицейлер дереу құқық бұзушыны анықтапты. Белгілі болғандай, жас жігіт бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. Ал 67 жастағы зейнеткерге медициналық көмек көрсетілді. Абырой болғанда, ауыр жарақат алмапты.

«Құқық бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Қазір ол Шал ақын ауданындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. 22 жастағы азаматтың әкесі ұлына қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазған жоқ», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Оқи отырыңыз: Өртеніп кеткен: Алматы облысында полиция қызметкерінің денесі табылды